Фото: видео скриншот Семей қаласының Энергетик ықшамауданында жолдардың жағдайы күрт нашарлаған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Тұрғындардың айтуынша, көшелер бірнеше күннен бері батпаққа айналған. Жауын-шашыннан кейін жолдар толықтай жырылып, көлік қозғалысы қиындаған. Кей жерлерде көліктер батпаққа батып, жүре алмай қалған. Жүргізушілер бір учаскеден өту үшін ұзақ уақыт жоғалтып отыр. Жаяу жүргіншілер үшін де жағдай...