Үкімет отырысында жол қауіпсіздігі мәселесі көтерілді. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өз баяндамасында өңірдегі жол-көлік оқиғаларының көбеюіне ықпал ететін факторларға тоқталып, оларды азайту бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.