Семей қаласындағы Гете көшесінің бойында он қабатты тұрғын үйден өрт шықты деп хабарлады turkystan.kz. Үшінші қабаттың балконында ағаш бөлшектер, терезе блогы, жиһаз және басқа да заттар жанған. Өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйдің 15 тұрғынын эвакуациялаған, оның алтауы – бала. Өрт алты шаршы метр аумақты шарпыған. Отты абайсыз пайдаланғаннан шығуы мүмкін деген болжам бар.