Атыраулықтар өздерінің ұмыта алмай жүрген өкпе-ренішін ақ қағазға түсіріп, оны арнайы жәшікке сала алады. Мұндай идеяның авторы – атыраулық жас кәсіпкер, психолог Гаухар Исабекова, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Ерекше жәшік Жайық жағасындағы саябақтардың біріне қойылды. Оған кез келген адам өзінің өкпе-ренішін, қатты әсер еткен оқиғаларын, осы кезге дейін ұмыта алмай келген жан жарасын қағазға жазып,