Сенат депутаты Серік Шайдаров баспанаға шынымен мұқтаж толық емес отбасыларға жылдық 2%-пен ипотека алу мүмкіндігін беруді ұсынды. Бұл туралы ол сенатта тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған үкімет сағатында айтты. Жуырда «толық емес» отбасылар жылдық 2%-тік кредитпен үй алу мүмкіндігін көздейтін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылған болатын. Депутаттың айтуынша, мұндай шешім бірнеше себепке байланысты қабылданды. Соның бірі еңбек және