40 жастағы теннисші Серена Уильямс жақын арада кәіби карьерасын аяқтауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлады. Спортшы АҚШ-та өтетін Ашық чемпионаттан кейін спорттан түбегейлі кететінін айтты. Турнир Нью-Йоркта 29 тамыздан 11 қыркүйекке дейін болады. Теннисші мұндай шешім қабылдауына не түрткі болғаны туралы сұраққа былай деп жауап берді: Білмеймін. Бұл туннель соңындағы жарық қана шығар.