Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды деп хабарлады Turkystan.kz комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап. «Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді», – делінген хабарламада. Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.