Хэллоуиндегі қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын Итхэвонда адамдар тым көп жиналып жатқаны туралы 11 жедел шақырту түскен, бірақ еш әрекет жасалмаған. Сеул мэрі О Се Хун 156 адамның өліміне себеп болған Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты кешірім сұрады. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады. Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты Сеул мэрі ретінде, мен апат үшін шексіз жауапкершілікті сезінемін