Ақтөбе облысының Шалқар қаласында төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмған 17 жастағы Әлихан Жәнібековтің әкесі жергілікті билікке үндеу жасады. Ол облыс әкіміне, өңір прокурорына және полиция департаментінің басшылығына істі жан-жақты әрі әділ тергеп, кінәлілердің барлығын жауапкершілікке тартуды сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.