Қазақ эстрадасының әншісі Саят Медеуов 8-сыныпты бітірген соң қалаға кетіп қалады. Оған өзінің мұғалімінен таяқ жегені себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Әнші «Таңшолпан» бағдарламасында балалық шағы туралы айтты. «Ауылда Күлипа деген мұғалімімнен оқушылардың көзінше екі рет таяқ жедім. Бірі – сыныптастарымның алдында, екіншісі – «линейкада» тұрғанда. Ол кісі сынып жетекшім болатын. Сол намысыма тиіп кетті де, 8-сынып бітірген соң ауылдан кетіп қалдым. Апайыма рахмет айтамын, әпкеміздің шапалағын жеймін деп, қазір қалада шоколад жеп жүрмін. Сол себеп болмаса, мүмкін, өмір жолым басқа арнаға бұрылар ма еді, кім біледі», – деді ол. Саят Медеуов ол кезде қазіргідей емес, балалар мұғалімнен қатты қорқатын еді […]
Жаңалықтар








































