Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған атыс 3 маусымда сағат 12:00 шамасында Булак-Башы ауданында басталған деп хабарлады turkystan.kz. «Аумақтан кету талаптарын елемей, тәжік шекарашылары қырғыз әскери қызметкерлеріне оқ жаудырды. Екі ел жасақтары арасында атыс болып, оның барысында тәжік тарапы минометтерді қолданды», – деді Қырғыз Республикасының МҰҚК шекара қызметі өкілдері. Жараланғандар мен қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ. Қырғызстан …