Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кеден саласында тексеру жүргізді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл жайында ведомство өзінің Youtube каналында мәлім етті. «Нәтижесінде мемлекетке 165 млрд теңгеге залал келтірген кедендік төлемдерден жалтару және тауарларды жалған декларациялау фактілері анықталды. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 фактісі анықталды. Кәсіпкерлердің салықтан жалтаруы үшін, уәкілетті экономикалық операторлар …