4 ақпанда Ақтөбе облысында шекарадан заңсыз өтпек болған төрт шетел азаматы ұсталды. Бұл адамдар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған. Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, олар тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген. Оқиға бойынша тергеу