Білім беру жүйесінде бюджет қаражатын жымқырудың тұрақты қылмыстық схемалары ашылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру жүйесіндегі жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізіліп, ведомствоаралық кеңесте талдау қорытындысы шығарылды. Соңғы үш жылда мемлекет білім беру саласын дамытуға 12,1 трлн теңге бағыттаған, бұл 2021-2023 жылдарға арналған мемлекеттік бюджеттің барлық шығыстарының 28% құрайды. «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданып, мұғалімдердің