Биыл елімізде киіктің саны миллионнан асқан болатын. Дегенмен бұл қуаныш көпке созылмайтын тәрізді. Себебі таяуда Батыс Қазақстан облысында Экология министрлігінің өкілдерімен бірлескен жиын өтіп, онда «киік санын азайту» мәселесі сөз болды. Осы кезге дейін киік санын көбейте алмай әлек болған жауаптылар аяқасты неге құбылды? Экология министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, Батыс Қазақстанда киіктің көбеюінен шаруалар зардап шеккен […]