Орал шенеуніктері жергілікті әуежайдың шетелдік инвесторларға сатылғаны туралы тараған ақпаратқа түсінік берді. Құзырлы орындар негізгі үлес әлі күнге дейін мемлекетке тиесілі екенін, ал терминал үш жылға ғана сенімгерлік басқаруға берілгенін айтты, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. Әуежайдың терминалы былтыр күрделі жөндеуден өткізілген. Оған Карашығанақ консорциумы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі негізінде 6 миллиард 600 миллион теңге бөлген. Содан бері