Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты куәгерлерден жауап алынуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл жолы Шерзаттың ағасы Нұрғанаттан жауап алынған. Жәбірленуші тараптың адвокаты Саида Тәуекелованың айтуынша, алған жарақаттарына байланысты Нұрғанат тұра да, отыра да алмайды.