Алтын-Емел ұлттық паркіне меймандарды апаратын жүргізушілер шетелдік туристерге не ұнамайтынын айтты. Олар "Ауылға жол" жобасы шеңберінде бүкіл Қазақстанның ауыл-аймағын аралап жүрген Ulysmedia порталының шығармашылық тобымен кездескен. Видеоға түсірілген шағын әңгіме Тик-Ток желісінде қызу талқыланып жатыр.