Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік көліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Алғашқы үш күнде 13 мың өтініш мақұлданып, 900-ге жуық көлікке жаңа нөмір берілді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта 13 мың өтініш алдын ала мақұлданды. 879 адам көлігін заңдастырды. Оларға қазақстандық техникалық төлқұжат пен мемлекеттік нөмірлер берілді, деді министрлік