Астанада шетелдік көліктерді заңсыз тіркеген ХҚКО қызметкерлері мен полицейлер ұсталды. Бұл туралы Антикордың баспасөз қызметі жазды. Қылмыстық топ осы жылдың қаңтар айынан бастап азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау арқылы өз қызметтерін ұсына отырып, олардың ақшалай қаражатын ұрлап, 486 көлік құралын заңсыз тіркегені анықталды. Әрбір автокөлік үшін заңсыз қызметтің құны 400 мың теңгеден