Отандық туроператорлар жүргізген сауалнамаға сәйкес, шетелдік қонақтар арасында ең танымал ұлттық тағам – қазақша ет. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Ұлттық тағам еліміздің барлық қалалары мен демалыс орындарында беріледі.