Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты. Арнайы заңның қабылдануын күтпей, жалпы күш-жігердің арқасында, елге 760 млрд теңге көлеміндегі активтерді қайтаруға мүмкіндік туды. Бұл шараларды комиссияның барлық мүшесі мен тартылған мемлекеттік органдар жүргізіп жатыр, деді прокурор.