Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында шығармашылықпен рухтанған, Алтай әуендерін әуелеткен өнерпаздардың басы қосылатын Balkaragai Tunes халықаралық музыкалық фестивалі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Этнофестивальдің Қазақстанның ең көрікті жерлерінің бірі – Катонқарағай ауданында өтуі кездейсоқ емес. Түркі әлемінің бесігі саналатын Ұлы Алтайдың оңтүстік бөлігінде орналасқан, Қазақстанның киелі картасында өзіндік орны бар Катонқарағай өзінің ежелгі табиғи сұлулығы сүйсіндірер …