Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларға арналған мектеп-интернатының директорына қатысты сот үкімі шықты. Мекеме басшысы 12 миллион теңгенің бюджет қаражатын ұрлағаны үшін айыпталып отыр деп хабарлады turkystan.kz қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. Тергеу материалдарына сәйкес, Базарханова 2013 – 2019 жылдар аралығында емдік дене шынықтыруға бөлінген ақшаны жымқырған. Мектеп директоры өзіне оқу сағаттарын жазып, ақы алып отырған. …