Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мұзды ұсақтау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Құтқарушылар Шемонаиха автомобиль көпірі ауданында мұз жару операциясын жүргізді. Жағалауды су баспау үшін құтқарушылар мен жарғыш мамандар алдын-ала мұзды ұсақтайды.