Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады. «10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр», делінген