ШҚО-дағы облыстық Ана мен бала орталығында алып сәби дүниеге келді. Жаңа туған нәрестенің салмағы - 6 келі 180 грамм, ал бойы - 57 сантиметр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, нәрестенің анасы перзентін табиғи жолмен босанған.