Петропавлда ата-анасы 5 жасар қызын балабақшадан уақытында алып кетпеген деп хабарлады turkystan.kz. Баланы тұрғылықты жеріне әкелген тәрбиеші олардың пәтерінің есігі ашық тұрғанын байқап, полицияға хабарлайды. Ювеналдық полицейлер ерлі-зайыптыны ұйықтап жатқан жерінен оятқан. Олар спирттік ішімдікке тойып алып, қыздарын балабақшадан алып кетуді естен шығарыпты. «Пәтердің ішіндегі шашылған шөлмектерден аяқ алып жүргісіз. Медициналық куәландыру қыздың ата-анасы алкогольдік …