«Біз қазақ деген мал баққан елміз, Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз», – дейді Қазыбек би. Халқымыз әлимсақтан бері алдына салып баққан төрт түлік малымен күн көріп келді. Мінсе – көлік, жесе – ас, ішсе – сусын, терісі – киім болды. Ғасырлар бойы дәстүрлі мәдениеті қалыптасып, биік өркениет жаратт