Жергілікті билік Шөптікөл ауылындағы мектептің жөндеу жұмысынан соң қандай болатынын графика түрінде көрсеткен еді. Алайда оқу орнының жөндеу жұмысы әлі бітер емес. Оның қайта қашан ашылатыны беймәлім. Мектептегі кабинеттер мен дәліздерде құрылыс материалдары, құрал-саймандар шашылып жатыр. Қазіргі уақытта бұл мектептің оқушылары жергілікті мектеп-интернетта оқуға мәжбүр. Ал өз оқу ордасына қашан оралатыны белгісіз.