Мен Ақтөбенің епискобы Игнатқа осы Пасхада Евангелиені қазақша оқуға ұсыныс айттым. Ол мақұлдап, батасын берді. Иә, мен шіркеулерде бұлан әрі қарай да қазақ тілінде рәсім жасалғанын қалаймын. Бізге құлшылық жасап келетін ұлты қазақ азаматтар мен ұлты қазақ шіркеу қызметкерлері бар. Меніңше, Қазақстандағы орыстар да қазақ тілін білуі керек. Біздің христиандардың басым көпшілігі орыс тілді. Десе