Шу қаласында дәрігерлер жүкті әйелдің өлімін жасырған оқиға орын алды. Аяғы ауыр келіншек 5-ші наурыз күні, жүктіліктің 34-аптасында түсік қаупі себебінен Шу қаласындағы көпсалалы ауруханаға түскен. 9-шы наурыз кешке оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен. Ал 10-шы наурыз күні дәрігерлер ота жасап, ішіндегі өлі туылған нәрестені алған. Келіншек содан кейін жан сақтау бөлімінде жатты. Алайда екі күн өткеннен кейін, есін жимастан қайтыс болды. Алайда, бұл оқиға бойынша полиция мен облыстық денсаулық сақтау мекемесіне ешқандай ресми хабарлама жіберілмеген. Қажыған күйеуі әйелін іздеп, аурухананың барлық есігін ашып, ақырында оның денесін техникалық жертөледен тауып алады. Ең сорақысы, дәрігерлер мәйітті мәйітханаға тапсыруды ойламаған да. […]The post Шу қаласындағы ауруханада адам шошырлық жағдай болды (ФОТО) appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

