Шу қаласында болған қайғылы оқиға жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында үлкен дауға ұласты. Журналистерге берген ақпаратқа сәйкес, марқұмның туыстары мен тұрғындар дәрігерлер қайтыс болған науқастың өлімін жасыруға тырысқанын айтқан. Тұрғындардың сөздеріне қарағанда, ерлі-зайыптылар бес жылдан бері бала сүюді армандап келген. Өткен жылы жасанды ұрықтандыру арқылы жүкті болған келіншек 34-ші аптасында, 5 наурыз күні Шу қалалық көпсалалы ауруханасына жатқызылған. Алайда 9 наурызда оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түсіп, келесі күні баласы шетінеп кеткен. Дәрігерлер сәбиді алып шыққанымен, келіншек екі күннен кейін көз жұмған. Марқұмның туыстары алғашқы диагнозбен келіспейді және «көптеген органдардың жеткіліксіздігі және мидың ісінуі» деген қорытындыға күмәнмен қарайды. […]The post Шуда жүкті әйелдің денесі аурухананың жертөлесінен табылды appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.


