Динара Шүкіжанованың орнына Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Respublica партиясының елордалық кеңсесінде партияның Орталық кеңесінің 5-ші отырысы өтті. 2023 жылғы жұмыстың қорытындылары қаралып, алдағы жоспарлар белгіленді.