Көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері облыс аумағында уақытша және тұрақты тұратын шетел азаматтарының тіркелген мекенжайларын, қабылдаушы тұлғалардың оларға шетелден қонақтар келген туралы уақытылы хабарламаларының болуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізді. Үш күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін тәртіп сақшылары 98 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның 39-ы - шетел азаматы. Шетелдіктің екеуі елден шығарылды. ШҚО ПД көші-қон қызметі