Шығыс Қазақстан облысының Согра ауылында 12 жасар жасөспірім жоғалды. Бала 14 тамызда 02:30-да үйінен шығып кеткен. Бүгін жасөспірімді жедел іздестіру штабы құрылды. 14 тамызда сағат 14:00-де полицияның Ертіс бөліміндегі 102-каналына кәмелетке толмаған баланы іздеуге жәрдемдесуді сұраған қоңырау түскен. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті хабарлады. Баланың аты-жөні - Темірлан Ахметжанов. Аутизммен ауырады, сөйлей алмайды.