Шығыс Қазақстан облысында жол жөндеу жұмыстары кезінде адамның қаңқа сүйектері табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі, деп хабарлайды Tizgin.kz. Оқиға Өскемен – Риддер тасжолының Радуга елді мекені маңындағы учаскесінде болған. Адам сүйегінің табылғаны туралы алғашқы ақпаратты osa_news_vko Instagram парақшасы жариялап, оқиға орнынан түсірілген фотосуреттерді бөлісті. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті аталған …