Бүгін Глубокое ауданында жайылымдағы үш құлын су айдынынан өтіп, аралға көтеріліп, басқа жағалауға жете алмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Жануарларды байқаған куәгерлер ШҚО құтқарушыларынан көмек сұрады. Құтқарушылар қайықтың көмегімен құлындарды қауіпсіз жерге жеткізді.