Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Ұйымның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесіп, Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға қосып келе жатқан үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.