Шымбұлақта тау шаңғысы маусымы қашан ашылатынын қала әкімдігі хабарлады. 26 қараша күні биік таулы курортта қысқы маусым ресми түрде ашылады. Шымбұлақта сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері түнгі уақытта да сырғанауға болады. Демалушылар үшін ұзындығы 25 шақырым болатын түрлі қиындықтағы 14 жол қарастырылған, делінген әкімдік хабарламасында.