Шымкентте қазақша күрестен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу бәсекесі өтті деп хабарлады turkystan.kz. Ереже бойынша балуандардың жасы 18 жастан асқан, салмағы 90 келіден жоғары болуы тиіс. Дүбірлі доданы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов тамашалап, бұл турнирдің ұлтымызға жігер беретін игі бастама екенін атап өтті. «Ұлттық спорт түрлері ата-бабаларымыздан келе жатқан асыл мұрамыз. Біз оны көзіміздің …