Шымкент тұрғыны жұмыстарды нақты орындамай және қызмет көрсетпей жалған шот-фактураларды жазып берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. ҚМА мәліметінше, қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген.