Шымкент қаласы ПД Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы сотқа дейінгі тергеуге байланысты ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды деп жазды turkystan.kz. Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы ПД жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасау фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. …