Фото: Татьяна Корякина/Kazinform Шымкент қаласында аудандық полиция басқармасының бастығы аса ірі көлемде пара алғаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша қозғалған іс қаралды. Тергеу дерегіне сәйкес, Тұран аудандық полиция басқармасын басқарған азамат Т. өзінің қызметтік өкілеттігін пайдаланып, өндірісіндегі...