Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус жаяу жүргіншілер жолағында тұрған бір топ адамды басып кеткен оқиға елдің жағасын ұстатты. Болған жантүршігерлік жол апаты бейнекамераға түсіп қалған. Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, видеоматериал тергеушілер мен кринималисттерге берілді. Осы қайғылы жағдайдан 5 адам опат болды. Екі әйел мен бозбала сол жерде және кәмелетке толмаған екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды.