Фото: видеодан скрин Шымкент қаласында жаңбыр жауған сайын кейбір көшелердің өзенге айналатыны тұрғындарға жақсы таныс мәселе. Әсіресе Таскен шағынауданындағы Мейрам-Байлық көшесінде жауын суы жол бойына жайылып, көліктер мен тұрғындарға қиындық туғызуда. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Кадрлардан көшенің шетінде пайда болған шұңқырдан су атқылап, жол жиегі түгел суға толып жатқанын көруге болады. Мұндай жағдай...