Шымкентте құны миллион теңгеге жуық тұратын италиялық тонды ұрлап кеткен деп хабарлады turkystan.kz. Сатушы ұрлық сәтін байқамағанымен, заттың жоғалғанын көріп, полицияға хабарласқан. Олардың ұрлық жасаған әрекеттері бейнебақылау камераларына түскен. Ондағы көрініс бойынша бейтаныс біреу тонды етегінің астына жасырып тығып, оны барынша байқатпай ұрлауға тырысқан. Ұры жалғыз емес. Оның қылмыстық бизнестегі құрбысы ұрыны барынша жауып тұр. …