Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 28 жастағы жігітке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Ол қаланың шет елді-мекендерінде мал ұрлығымен айналысты деп айыпталды. Бұл туралы Абай АПБ-ға 4 жергілікті тұрғын ұқсас мазмұнды арызбен жүгінген.