Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Шымкент қаласында «7-20-25» бағдарламасымен салынған тұрғын үйді санкцияланбаған конкурс арқылы сату дерегіне қатысты ресми түсініктеме берді деп жазды turkystan.kz. «Санкцияланбаған конкурс өткізу фактісі бойынша ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Шымкент қаласының әкімдігіне «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан несиелік тұрғын үйді беру тетігін түсіндіре отырып, хат жолдады», …