Шымкент тұрғынын туған күніндегі суреттерді желіге салғаны үшін полиция қызметкері ұрып-соққан. Айтуынша оның бұл суреттерін полицейдің әйелі желіден көріп, қызғанып, отбасылық жанжал шығарған. Ал соның есесін құқық қорғаушы қызметкер тұрғыннан алып, тіпті оны қызметтік көлікпен қаққан. Бұл туралы Otyrar порталы хабарлайды. Әйелдің айтуынша, маусым айында полиция қызметкері туысымен бірігіп,жұмыс орнында оны қатты соққыға жыққан. Шабуылдан кейін учаскелік